Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

7 жастағы қазақ баласы математикадан әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

14:06, 18 ақпан 2025 1213

Астаналық 7 жастағы оқушы математикадан әлемдік олимпиадада алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, сол сияқты 4-сынып оқушысы Зере Ақболат үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.

«Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Нұрдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты.

Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі», - делінген әкімдік хабарламасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар