Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«6 жасар қызға 9 сынып оқушысы зәбір көрсетпек болған»: Түркістан облысындағы оқиғаның шындығы белгілі болды

19:35, 27 наурыз 2026

Түркістан облысы Отырар ауданында бірінші сынып оқушысына жоғары сынып оқушысы тиіскен деген ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп жазады Alash.kz. 

Жәбірленуші тараптың айтуынша, 9-сынып оқушысы кішкентай қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасамақ болған. Қазіргі таңда бүлдіршіннің ата-анасы құзырлы органдардан істің әділ жүргізілуін және кінәлі тұлғаның тиісті жазасын алуын талап етіп отыр.

Оқиға осыдан бір ай бұрын ауыл маңындағы жыңғыл арасында орын алған. Зардап шеккен қыздың жақындары сол күні баланың үйге шошып келгенін айтады.

 Оқиғаның мән-жайы туралы анасы: «Қызым үсті алба-жұлба күйде, үйге жылап келді. Ол өзіне жоғары сынып оқушысы тиіскенін айтып, көмек сұрады», — деп баяндады.

Осыдан кейін ата-анасы бірден Түркістан қаласындағы медициналық мекемеге жүгінген. Дәрігерлер тексеру барысында зорлық әрекетіне талпыныс болғанын растағанымен, қыздық пердесіне зақым келмегенін жеткізген.

Алайда жәбірленуші тарап тергеу амалдарының баяу жүріп жатқанына наразы. Олардың сөзінше, қылмыстық іс қозғалғанымен, қажетті сараптамалар дер кезінде тағайындалмаған және күдікті ретінде танылған жасөспірім әлі күнге дейін бостандықта жүр. Ата-ана істің жылы жабылып кетуінен қауіптеніп, жоғары тұрған органдардан көмек сұрауда.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша тергеу жұмыстарының тоқтамағанын мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, жүргізілген сот-медициналық сараптама нәтижелері қыздың денесінде ешқандай жарақат немесе зақым жоқ екенін көрсеткен. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар