Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 адамның өмірін қиған жантүршігерлік өрт: Полиция 37 жастағы әйелді ұстады

5 адамның өмірін қиған жантүршігерлік өрт: Полиция 37 жастағы әйелді ұстады

Алматының Бостандық ауданында 26 қараша күні бес адамның, соның ішінде бір баланың өмірін қиған жеке тұрғын үйдегі өртті қасақана қойды деген күдікпен 37 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, бұл ауыр қылмысқа тараптар арасындағы жеке бас араздығы себеп болған. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау барысында аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерделеп, соның нәтижесінде күдіктінің оқиға орнына келіп-кеткен бағытын толық қалпына келтірген.

Қазіргі таңда қолға түскен 37 жастағы азаматша уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар