Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Облыс әкімдігі тарапынан тапсырма берілген жоқ»: Абай әкімдігі Берік Уәлиге арналған әнге қатысты түсініктеме берді

«Облыс әкімдігі тарапынан тапсырма берілген жоқ»: Абай әкімдігі Берік Уәлиге арналған әнге қатысты түсініктеме берді
 
 

Әлеуметтік желіде семейлік екі асаба жігіттің түсірген бейнежазбасы тарады. Бейнеклипте Ернар Дүйсен мен Қуантқан Қуанышқанұлы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді мақтаған. Бұл жағдайға қатысты әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды Alash.kz порталы Bairaqmedia.kz сайтына сілтеме беріп 

Абай облысының әкімдігі Instagram және TikTok әлеуметтік желісінде бейнежазбаны көрген бойда оны дереу өшіру жөнінде талап қойған.

Авторлардың парақшаларынан видео алынып тасталған. Алайда сол аралықта бейнежазбаның көшірмелері жасалып, WhatsApp мессенджері мен өзге де ақпараттық арналар арқылы таралып үлгерген.

«Осы ретте бір маңызды жайтты нақтылап өткіміз келеді. Аталған бейнежазбаның облыс әкімдігіне, оның құрылымдық бөлімшелеріне немесе өңірдегі мәдениет мекемелеріне ешқандай қатысы жоқ. Оны түсірген азаматтар мемлекеттік органдардың немесе мәдениет ұйымдарының қызметкерлері емес. Бейнежазба жеке бастамамен әзірленіп, жарияланған. Облыс әкімдігі тарапынан мұндай мазмұндағы материалды түсіруге немесе таратуға ешқандай тапсырма берілген жоқ. Әсіресе, мемлекеттік органдардың, өңірлік мекемелер мен ресми тұлғалардың атын немесе беделін қандай да бір жеке бастамалармен байланыстыруға қатысты мәселеде ақпараттың анықтығы мен шынайылығы сақталуы қажет деп санаймыз. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларынан ақпарат тарату кезінде оқиғаның нақты мән-жайын ескеруді, расталмаған мәліметтер мен жаңсақ пайымдарға жол бермеуді сұраймыз.»,- деп жазды Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Қасым.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар