Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар жекпе-жек өткізді: кім жеңді? (ВИДЕО)

Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар жекпе-жек өткізді: кім жеңді? (ВИДЕО)

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов пен актер, аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар октагоннан тыс жерде күш сынасты. Екі спортшының спаррингінен түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тез таралып, алғашқы 12 сағаттың ішінде 200 мыңнан астам қаралым жинаған, деп жазады Alash.KZ

Жаттығу Еркебұлан Тоқтарға тиесілі клубта өткен. Спаррингтің бір сәттерін видеоға түсіріп, Instagram парақшасында жариялаған Қуат Хамитов әріптесінің дайындығына жоғары баға берді.

Файтердің айтуынша, Еркебұлан Тоқтардың жекпе-жек өнеріне деген қызығушылығы мен физикалық дайындығы жақсы деңгейде. Екеуінің жаттығу барысындағы қимылдары мен техникасы желі қолданушыларының да назарын аударды.

Жарияланым астында оқырмандар екі спортшының шеберлігін салыстырып, спаррингке қатысты пікірлерін қалдырған. Бірі Қуат Хамитовтың тәжірибесін атап өтсе, енді бірі Еркебұлан Тоқтардың спорттағы әлеуетіне қызығушылық танытқан.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар актерлік мансабымен қатар жекпе-жек спортымен де айналысып, соңғы жылдары осы бағыттағы белсенділігімен көпшілікке танылып жүр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар