Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бұзып алуы мүмкін!»: Павел Дуров IPhone қолданушылары үшін қатаң ескерту жасады

«Бұзып алуы мүмкін!»: Павел Дуров IPhone қолданушылары үшін қатаң ескерту жасады

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров iPhone смартфондарына жаппай кибершабуыл жасалу қаупі барын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның дерегінше, iOS операциялық жүйесінің ескірген нұсқаларындағы техникалық осал тұстар алаяқтарға қолданушылардың жеке ақпаратына еш кедергісіз қол жеткізуге жол ашады. Мұндай шабуылдардың басты қауіптілігі — гаджетті бұзу үшін ешқандай файл жүктеудің немесе бөгде қосымшаларды орнатудың қажеті жоқтығында, себебі зиянды сайтқа жай ғана кіріп шығудың өзі жеткілікті болуы ықтимал.

Осы жағдайға орай Telegram мессенджері iOS-тың ескі нұсқаларын пайдаланатын iPhone иелеріне жеке деректер мен аккаунттардың қолды болу қаупі туралы арнайы ескерту хабарламаларын жолдай бастады. Мамандар смартфондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін операциялық жүйенің ең соңғы қолжетімді нұсқасын кідіріссіз жүктеп алып, автоматты жаңарту функциясын іске қосуға кеңес береді — бұл әрекетті құрылғының «Баптаулар» («Настройки») мәзіріндегі «Негізгі» («Основные») тармағы арқылы «БЖ жаңарту» («Обновление ПО») бөліміне өтіп орындауға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар