Қазақстандық парапауэрлифтер Давид Дегтярев Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрініп, төрт дүркін Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Alash.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз 192 келі салмақты сәтті еңсеріп, жаңа Азия рекордын орнатты. Ал үш жаттығудың қорытындысы бойынша спортшының жалпы көрсеткіші 573 келіні құрады. Бұл жүлде Қазақстан ұлттық құрамасының осы дүбірлі додадағы екінші алтын медалі болып тіркелді.
Айта кетейік, 41 мемлекеттен 258 спортшы қатысып жатқан байрақты бәсеке 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Аталған жарыста ел намысын 23 қазақстандық атлет қорғауда.