Көкшетаудағы медициналық мекемелердің бірінің аумағынан 45 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы жағдай 25 қараша күні тіркелген. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, көз жұмған азамат аталған ауруханада ем қабылдап жатқан науқас болған және алдын ала болжам бойынша ғимараттың терезесінен құлап кеткен.
Оқиғаға қатысты Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет берді:
«Алдын ала ақпарат бойынша, аталған азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр».
Қазіргі таңда қайғылы оқиғаға не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның барлық мән-жайы жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының қорытындысы бойынша белгілі болады.