Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 адамның өмірін қиған жантүршігерлік өрт: Зардап шеккен балалардың жағдайы қалай? (ВИДЕО)

5 адамның өмірін қиған жантүршігерлік өрт: Зардап шеккен балалардың жағдайы қалай? (ВИДЕО)

Алматыда 26 қарашаға қараған түні болған ірі өрттен зардап шеккен балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жеке тұрғын үйді шарпыған тілсіз жау салдарынан барлығы бес адам, оның ішінде бір бала қаза тапқан еді. Сол үйдің ішінде өрт кезінде 17 адам болғаны анықталды. Қаза тапқандардан бөлек, тағы жеті адам зардап шекті — олардың төртеуі кәмелетке толмаған балалар.

Дәрігерлердің қарауынан кейін үш ересек адам мен екі балаға үйлеріне қайтуға рұқсат берілді. Ал екі бала стационарлық емге жатқызылды. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға түскен балалардың бірі иіс газынан уланған, қазір оған тиісті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде және дәрігерлер жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Екінші, бес жастағы бүлдіршін тыныс алу жолдарының инфекциясы белгілерімен балалар инфекциялық ауруханасына ауыстырылды.

Сонымен қатар өрт салдарынан баспанасыз қалған тоғыз тұрғын уақытша қонақүйге орналастырылды. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайға әкеп соққан өрттің шығу себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар