Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

5 адам күдікке ілінді: Су тасқынына бөлінген қаражаттың 1 млрд теңгесіне залал келген

11:25, 23 сәуір 2024 447

Әлеуметтік желілерде су тасқынына бөлінген 140 млрд теңгенің 1 млрды желінді деген ақпарат тарағаннан кейін, қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуын тексереді, – деп хабарлайды ҚМА-ның баспасөз қызметі.

ҚМА төрағасы Дмитрий Малаховтан агенттікке осы бойынша нақты тапсырмалар берді. Ол бөлінген ақшаның қайда кеткенін сапалы тексеру мен бағалауды қамтамасыз ету қажеттігін айтып өтті.

«Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет», — деп тапсырды Д. Малахов.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет, квазимемлекеттік компаниялар, кәсіпкерлер, қоғамдық қорлар 140 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ҚМА басшысы су тасқыны салдарын жою үшін бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану сондай-ақ көмек зардап шеккен азаматтарға нақты жетуді қамтамасыз етуді тапсырды.

«Осылайша, қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Бұл қаражат бұдан бұрын гидроқұрылыс нысандарының қызметін қамтамасыз етуге бөлінген болатын. Сонымен қатар, алдын-алу жұмыстары зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауды жариялайтын алаяқтарға қарсы тұруға бағытталатын болады», - делінген хабарламада.

Бағаның өсуіне жол бермеуге ерекше назар аудару тапсырылды. Ол үшін азық-түлік, ауыз су, дәрі-дәрмек және басқа да қажетті заттар бағасының мониторингі жалғасатын болады. Агенттік сонымен қатар құрылыс материалдарының бағасымен алыпсатарлық тәуекелдерін алдын алу қызметін де жандандырады. Анықталған фактілермен күрес аналитикалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілетін болады.

Агенттік басшысы бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмысты жандандыруды және ықтимал манипуляцияларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар