Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

43503 киік атылған, 1132 киіктен конверві жасалған. Қалғаны қайда?

18:10, 03 мамыр 2024 657

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкен етін консервілеу бойынша мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Фонд-бюро расследования коррупции Telegram-арнасына сілтеме жасап alash.kz хабарлады.

2023 жылы ақбөкен етінен 5 425 келі консерві өндірілген. Олар Астана, Қостанай және Арқалық қалаларында сатылды.

Консервілерді шығарумен бір ғана кәсіпорын – «Торғай ет» ЖШС-ның айналысқаны атап өтілді. Ал ақбөкен етін бұқтыру былтыр желтоқсан айында тоқтатылған.

Ет өңдеу кәсіпорындары киік етін өңдеу міндетін қойған жоқ. Өйткені олар негізінен ірі және ұсақ малды союға бағытталған, – деп толықтырды ведомство.

Бұған дейін Экология, геологиия және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың 6 қазанынан бастап, «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорны 43 503 ақбөкенді атып тастағанын мәлімдеген болатын. Бірақ осы ведомство мен Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда атылған киіктердің қаншасынан консерві жасалғанын, қаншасы экспортқа шығарылғанын және қаншасы ішкі нарықта сатылғанын айтпады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 2023 жылдың 30 қазаны мен 10 желтоқсаны аралығында 1 132 ақбөкен атылып, тапсырылғанын хабарлады. «Торғай ет» ЖШС ет комбинаты 11 243 дана консерві өндірген. Сондай-ақ 1 ыдыс бұқтырылған еттің бөлшек саудадағы бағасы 1 мың теңге екені айтылды.

Ет комбинаттарына 1 132 ақбөкен жеткізілсе, Экология, геологиия және табиғи ресурстар министрлігі жариялаған 43 503 бас киіктің қалған бөлігі қайда екені белгісіз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар