Қазақстан Президентінің Жапонияға сапары барысында жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылады, деп жазады Alash.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында қол қойылатын коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады.
Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған.
Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды.
Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды.
Президенттің Жапонияға сапары аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
3,7 миллиард доллардан асатын келісімдер - Қазақстан Президентінің Жапонияға сапары қалай жалғасып жатыр?
"1 келі есірткі тәркіленді" - Астанада 19 жастағы қыз күдікті ретінде ұсталды (ВИДЕО)
20:44, 05 қараша 2026
«Әулетімізде қуанышты жаңалық болды»: Олжас Абай жеке өмірі туралы ағынан жарылды
15:14, 05 қараша 2026
«Жергілікті жасөспірім»: Қостанайда 86-дағы қарияны өлтірді делінген күдікті ұсталды
12:51, 05 қараша 2026
Шерзат соты кезінде өткір өлеңдер жазған ақын Ерлан Бықыбаев тұтқындалды (ВИДЕО)
11:27, 05 қараша 2026
Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апат: Қаза тапқандар саны үшеуге жетті
11:17, 05 қараша 2026