Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апат: Қаза тапқандар саны үшеуге жетті

11:17, 05 қараша 2026

Астана – Петропавл автожолында тіркелген жаппай жол-көлік оқиғасы үш адамның өмірін қиып, бес адамның жарақаттануымен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы жағдай 1 қараша күні кешкісін Макинск қаласының маңында орын алған. Елордада тұратын қызына барып, кері қайтып бара жатқан петропавлдық ерлі-зайыптылар оқиға орнында көз жұмды. Марқұмдардың бірі — Петропавл қалалық №2 емханасында химизатор болып еңбек еткен Айгүл Жұандықова. Әріптестері оның қазасын растап, отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.

Апат бірнеше көліктің қатысуымен біртіндеп орын алған. Алдымен бойжеткен басқарған Toyota Camry автокөлігі жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Дәл осы сәтте оның артынан басқа бір бойжеткен тізгіндеген Kia Rio соғылып, кейін оларға Chevrolet Cobalt көлігі келіп соқтығысады.

Жолдағы соқтығыс салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның жолаушысы қозғалыс бөлiгiне ыршып түскен. Сол мезетте жолдан өтіп бара жатқан Geely автокөлігі екі әйелді қағып кетіп, олар алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиғадан кейін Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілген бес зардап шегушінің бірі — басынан ауыр жарақат алған ер адам дәрігерлердің әрекетіне қарамастан ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы апаттың толық мән-жайын зерттеп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар