Израиль әскері соңғы тәулікте Газа секторында 100 нысанаға соққы жасағанын хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Әскерилердің дерегінше, соққылар туннельдерге, қару-жарақ қоймаларына және палестиналық қарулы топтардың жасақталған орындарына бағытталған.
Сонымен қатар, сенбі күні Израильдің екі дивизиясы Газа қаласының аумағында әскери міндеттерін орындауды жалғастырған.
Өз кезегінде палестиналық медициналық қызметінің хабары бойынша бір тәуліктің ішінде Газа секторында 34 адамның қаза тапқаны туралы мәлімет тарады.