Жеңіс Ысқақова мен жолдасы, педагог Тоқтасын Бекболатов «Таңшолпан» бағдарламасында қонақ болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Отбасы құрғанымызға биыл 33 жыл толды. Жолдасым ешқашан «мен сені сүйемін» деп айтқан емес. Бірақ мен оның махаббатын сөзсіз-ақ сеземін. Ол мені үнемі қолдайды, өнерімді бағалайды», – дейді Жеңіс Ысқақова.
Ал Тоқтасын Бекболатов отбасында ең бастысы бір-біріңді түсіну әрі кешіру екенін айтады.
"Ер азаматын өте құрметтейтіні көрініп тұр", "Сізді халық алдына шығарып қойғанының өзі “мен сені сүйеміннен “ көп қой", "Жеңіс, сондай қарапайым, ашық, шынайы адамғой", "Жүрекпен сүйеді", "Нағыз ер азамат, Алла ғұмыр берсін",- деп жазды желі қолданушылары.