Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова 2026 жылға педагогтердің жалақысын қосымша индексациялау жоспарланбағанын мәлімдеді. Бұл туралы BAQ.kz хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Оның айтуынша, мұғалімдердің еңбекақысы 2019 жылдан бастап “Педагог мәртебесі туралы” заң аясында кезең-кезеңімен артқан.
Соңғы төрт жылда мұғалімдердің жалақысы екі есеге жуық өсті. Осы уақыт аралығында жыл сайын 25 пайыздық өсім қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда жалақының бұл деңгейі тұрақты сақталып отыр, – деді бірінші вице-министр.
Автор: Baq.kz тілшісі Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА