Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олимпиада-2026: Конькимен жүгіруші Надежда Морозова екінші рет үздік ондыққа енді

09:21, 13 ақпан 2026

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында 5000 метр қашықтықта өнер көрсетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Отандасымыз 7:04.81 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, оныншы орынға тұрақтады.

Италия спортшысы Франческа Лолобриджида Олимпиада чемпионы атанды - 6:46.17. Ол осы Олимпиада ойындарында екінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Бұған дейін 3000 метрде де жеңіске жеткен еді.

Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Мерел Конейн (6:46.27) еншілесе, қола медаль Норвегия спортшысы Рагне Виклундқа бұйырды - 6:46.34.

Айта кетейік, Надежда Морозова осылайша тағы да үздік ондықтың қатарына енді. Бұған дейін ол 3000 метрде алтыншы, ал 1000 метрде 14-орын алған еді. Сонымен қатар қазақстандық спортшы 1500 метр қашықтықта да бақ сынайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар