Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көршісін соққыға жыққан»: Данияр Елеусіновтің жарының үстінен шағым түсті

15:38, 05 наурыз 2026

Қарағандыда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жары Саида Елеусінова мен Майқұдық массиві тұрғындары арасында дау туындады, деп жазады Alash.kz. 

Көршілері спортшының жұбайын «соққыға жықты» деп айыптаса, Саида Елеусінова бұл мәлімдемелерді шындыққа жанаспайтын арандатушылық деп бағалап отыр.

Жергілікті тұрғындардың шағымынан кейін Қарағанды облыстық Полиция департаменті ресми түрде қылмыстық істер тіркеді. Қазіргі уақытта жәбірленуші тарап ретінде арыз түсірген әйелдерге сот-медициналық сараптама тағайындалып, денсаулыққа келтірілген зақымның деңгейі анықталуда. Тәртіп сақшылары жанжалдың шығу себептері мен оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу амалдарын бастап кетті.

Аталған жағдай қоғамда үлкен талқылау тудырды. Полиция департаменті тергеу барысында барлық тараптың уәждері тексеріліп, заң шеңберінде тиісті шешім қабылданатынын хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар