Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бір подъезден төрт адамның мәйіті табылды»: Шымкентте жантүршігерлік оқиға орын алды (ВИДЕО)

11:55, 05 наурыз 2026

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде төрт адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға газдың таралуы себеп болған. Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиға бір подъездің ішіндегі бірнеше пәтерде орын алған. Пәтерлердің бірінен 20 жастағы студент қыздың денесі жуынатын бөлмеден табылса, екінші пәтерден 31 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспірім қыздың мәйіттері шыққан. Сондай-ақ екінші қабаттағы пәтерден 23 жастағы жігіт те өлі күйінде табылды. Куәгерлердің айтуынша, ғимарат ішінде газдың иісі бірнеше күн бойы сезілген, алайда тиісті мекемелер тарапынан ешқандай алдын алу шаралары жүргізілмеген.

Аталған дерек бойынша полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары «адам өліміне әкеп соққан қызмет көрсету» бабы негізінде жүргізіліп жатыр. Мамандар қайғылы жағдайдың нақты себебін сараптама нәтижелерінен кейін жариялайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар