Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Адамгершілік тұрғыдан дұрыс емес»: Депутат Ерлан Саиров Дубайдағы экс-шенеуніктердің пәтерлеріне қатысты пікір білдірді

09:41, 05 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар мен олардың туыстарының Дубайдағы қымбат жылжымайтын мүлікке иелік етуін моральдық тұрғыдан айыптады, деп жазады Alash.kz. 

Ол мемлекетті басқарған азаматтардың шетелде сән-салтанатта өмір сүруі халық алдындағы жауапкершілікке қайшы келетінін мәлімдеді.

Депутат бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын кесіп айтты. Ерлан Саиров: «Бұл аморальды және адамгершілік тұрғысынан мүлдем дұрыс емес. Кезінде ел басқарып, қазір шетелде тұрып жатқан адамдар халыққа деген шынайы еместігін көрсетіп отыр», - деп мәлімдеді.

Сонымен қатар ол бұл жағдайға құқықтық баға берілуі тиіс екенін алға тартып, Бас прокуратураға ресми хат жолдайтынын жеткізді.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, Дубайдағы Fairmont The Palm элиталық кешеніндегі 97 пәтер қазақстандықтарға, соның ішінде Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталовтың отбасына және Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Қайрат Мәмидің ұлына тиесілі екені анықталған. Бұл деректердің жариялануы қоғамда үлкен резонанс тудырып, бұрынғы шенеуніктердің табыс көздеріне қатысты күмән ұлғайып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар