Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Иран дроны құлап, бейбіт тұрғындар зардап шекті»: Әзірбайжан билігі шұғыл мәлімдеме жасады

16:32, 05 наурыз 2026

Әзірбайжанның Нахшыван Автономиялық Республикасы аумағына Иран Ислам Республикасына тиесілі делінген ұшқышсыз ұшу аппараттары құлап, салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті, деп жазады Alash.kz. 

Ресми Баку бұл оқиғаны халықаралық құқық нормаларын бұзу деп бағалап, тиісті жауап қайтару құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдеді.

Ақпараттық деректерге сүйенсек, дрондардың бірі Нахшыван халықаралық әуежайының терминал ғимаратына соққы берсе, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектептің маңына құлаған. Шабуыл нәтижесінде екі азаматтық тұлға түрлі жарақат алды. Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты арнайы мәлімдеме жасап, Иран аумағынан жасалған әрекеттерді қатаң айыптады.

Министрлік таратқан ресми құжатта: «Біз Иран аумағынан жасалған, әуежай ғимаратының зақымдануына және екі бейбіт тұрғынның жаралануына әкеп соққан бұл дрон шабуылдарын қатаң айыптаймыз. Әзірбайжан аумағына жасалған бұл шабуыл халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне қайшы келеді және аймақтағы шиеленістің ушығуына қызмет етеді», – деп көрсетілген.

Қазіргі уақытта шекара маңындағы жағдай жіті бақылауға алынып, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар