Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атыраудағы атышулы қылмыс: Күдіктілерге қатысты министрдің орынбасары тың ақпарат айтты (ВИДЕО)

11:45, 05 наурыз 2026

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атыраудағы атышулы қылмысқа қатысты тың деректермен бөлісті, деп жазады Alash.kz. 

Әділовтің мәлімдеуінше, өз ата-енесінің өліміне қатысы бар деп танылған күдіктілер Сұлтан Сәрсемалиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева жуық арада елге экстрадицияланады:

«Қазіргі кезеңде күдіктілерді экстрадациялау процесі шешіліп жатыр. Жақын арада Қазақстанға жеткізілетін болады. Шет елдегі әріптестермен біріге отырып, келу маршрутына қатысты қажетті шаралардың барлығын атқардық. Жұмыс жалғасып жатыр. Қазір тек екі күдікті анықталып отыр».

Қазіргі уақытта құзырлы органдар күдіктілерді Қазақстанға қайтару бойынша қажетті шараларды жүзеге асыруда. ІІМ өкілі бұл процесс алдағы уақытта толық аяқталатынын растады. Еске сала кетсек, Сұлтан мен оның бұрынғы әйеліне өз ата-енесін өлтіріп, сарайға көміп кетті деген ауыр айып тағылып, халықаралық іздеуде болған еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар