Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“200 келіге жуық есірткі сақтаған” - Маңғыстау полициясы сұмдық жайт туралы мәлімдеме жасады

09:28, 26 қазан 2025 154

Маңғыстау облысында ірі көлемде есірткі сақтау және тарату қылмысы әшкереленді. Арнайы операцияны өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және СОБР арнайы жасағының қолдауымен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Polisia.kz мәліметінше, үш күдікті Ақтаудағы бірнеше мекенжай бойынша бір уақытта қолға түскен. Тінту кезінде тәртіп сақшылары ірі көлемдегі марихуана, орау материалдары, электронды таразылар мен пневматикалық қару тапқан. Ұстау шарасына Кира атты қызметтік ит те қатысқан.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі тұрған көпқабатты үйдің жертөлесінен жасырын қойма табылды. Онда төрт картон қорап пен бірнеше қапқа салынған есірткі болған. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың марихуана екені анықталды. Жалпы салмағы — 196 келі.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен олар екі айға қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар