Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

20 млрд теңге: Тұрсын Алагөзов сыра бизнесі туралы бар шындықты айтты

10:33, 09 тамыз 2024 1915

Белгілі кәсіпкер, Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсынғали Алагөзов сыра бизнесі туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол тың ақпараттарды танымал журналист Динара Сатжанға баяндап берді. 

"Шымкенттегі сыра зауытын 8 млрд теңгеге сатып алдым. Бұл ақша менде болмағандықтан бөліп төлеуге келістік. Бүгінгі таңда 50-60 пайызын төлеп тастадым. Есептеуім бойынша, осы жылдың соңы, келесі жылға дейін барлық сомасын төлеп бітеміз. 12 млрд теңгеге инвестиция жасап, жаңа құрылғылар алдық, жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сонда бұл бизнес 20 млрд теңге тұрды", - деді ол. 

Зауытты сатып алу туралы шешімі ең үлкен қадам болған.

"Біріншіден, мұнда 10 гектар жер бар. Есептеп қарасақ, аз дегенде жер 5 млрд теңге тұрады. Бұдан басқа құрылғылар, технологиялар бар. Сол үшін де 8 млрд теңге зауыт үшін жақсы баға деп ойлаймын. Маған ұсынған жігіттерге алғысым шексіз", - деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?