Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"18 адам ауруханаға жатқызылды": Жетісуда әскер қатарына шақырылған сарбаздар жаппай ауырып қалды

12:27, 13 қазан 2024 1346

18 науқастың біреуінің жағдайы ауыр. Алдын ала диагноз бойынша пневмония екені анықталған. Жастардың барлығы жақында ғана әскер қатарына шақырылды, бірақ әлі ант берген жоқ, деп хабарлайды Alash.KZ Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Талдықорғанда 18404 әскери бөліміне шақырылған 18 адам ауруханаға жатқызылды.

Жетісу гарнизоны баспасөз қызметі жетекшісінің айтуынша, мұндай сарбаздар үшін ауа райының өзгеруінен болатын суық тию жиі кездеседі. Бұл жолы екеуі пневмония, жетеуі бронхит, сегізі жедел респираторлық дертке шалдыққан.

Әскери прокуратура жаппай ауруға қатысты қызметтік тергеуді бастады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар