Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"14 жасқа толмаған қызды зорлаған": Абай облысында мұғалім өмір бойына сотталды

"14 жасқа толмаған қызды зорлаған": Абай облысында мұғалім өмір бойына сотталды

Семейде кәмелетке толмаған оқушы қызды зорлағаны үшін 32 жастағы мұғалімге үкім шықты.

Қылмыс 2024 жылдың шілдесінде автокөлікте жасалған. Тергеу барысында ол мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ бергені анықталды, деп жазады Alash.KZ.

Сот 14 жасқа толмаған баланы зорлау бабымен істі қарап, оны кінәлі деп таныды. Енді ол өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысу және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар