Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

131 млн теңге ісімен аты шыққан - Рабаев Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

17:05, 18 қыркүйек 2025 75

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары болып Әбілсейіт Рабаев тағайындалды, деп жазады Alash.KZ.

Ол бұған дейін Шымкент қаласының құрылыс басқармасын басқарған. 2013 жылы Рабаев Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде, орындалмаған жұмыс үшін бюджеттен 131 миллион теңге жымқырды деген айыппен тергеуге алынған. Қаржы полициясы оны қамауға алып, іс бір жылға жуық қаралды.

Тергеу деректеріне сәйкес, Көксайек – Ақсу – Шаян – Мыңбұлақ жол учаскесі жөндеуді қажет етпесе де, бюджеттік өтінімге заңсыз енгізілген. Бұл іс 35 томға жинақталып, 70-ке жуық куәгерден жауап алынған. Рабаев шамамен бір жыл қамауда болып, 2014 жылдың мамырында сот оны кінәсіз деп таныған.

Содан кейін ол қайтадан мемлекеттік қызметке оралып, облыстық басқарманы басқарған. Енді жаңа қызметін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары ретінде атқаратын болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар