Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

11 адамды өлтірген өзбекстандық қанша жылға сотталды?

16:25, 03 мамыр 2025 588
 

Киевтің Голосеев аудандық сотының алқасы 2018 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың қаңтары аралығында 11 адамды өлтірген және бір адамды өлтіруге оқталған Өзбекстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп жазады Alash.KZ.

Құрбандардың 3-еуі әйел болса, қалған 8-і ер адам.

inbusiness.kz сайты жазғандай, қылмыскер 2024 жылдың қаңтарында Киевтің Голосеев ауданындағы гүл сататын дүкенге тапсырыс берушінің атын жамылып кіріп, сатушыға 30 реттен астам пышақ сұққан.

Кісі өлтіргеннен кейін ол жәбірленушінің алтын бұйымдарын алып, қашып кеткен, бірақ кейін ұсталған.

Жауап алу кезінде ол кісі өлтіргенін мойындап, осыған ұқсас қылмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның құрбандары негізінен үйсіз адамдар болыпты. Құрбандарымен бірге ішімдік ішіп, кейін оларды өлтіріп отырған. Марқұмдардың мәйіті біраз уақыт өтіп, өлімнің себебін анықтау қиын кездерде табылған.

Айыпталушы құрбандарының әрқайсысын еске алып, егжей-тегжейлі мойындап, жазаны жеңілдетуге үміттенгені атап өтілді.

Дегенмен сот ұсынылған дәлелдемелерді сараптап, ер адамды кінәлі деп танып, оған ең ауыр жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар