Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

1000-нан астам ер адам зорлаған 16 жастағы қыздың ісі туралы сұмдық ақпарат шықты

12:51, 19 қыркүйек 2024 648

Қыз баланы жезөкшелікке тартқандар қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлап, сексуалды құлдыққа түсірген мектеп оқушысының ісі жөнінде сұраққа жауап берді. 

– Ол істе 13 фигурант анықталды, олардың 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта. Бүгінгі таңда бірқатар бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мен бұдан артық түсініктеме бере алмаймын, өйткені қылмыстық іс аясында бұл тергеушінің құзыреті, – деді Лепеха сенатта. 

Оның айтуынша, қызды жезөкшелікке қатыстырған және зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырған адамдар да қамауға алынған. 

Министрдің орынбасары ұсталғандардың қаншасы кәмелетке толмағандар екенін айтпады. 

 

– Тергеу бұл мәселемен айналысады. Біз бәрін тексереміз, – деп қорытындылады Лепеха. 

Тамыз айының басында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталығының мамандары қыз балаға көмек көрсететінін хабарлады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар