Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

100 миллион теңге: Бишімбаевтың жазасын жеңілдету бойынша антикор мен ата-анасы бірігіп не істеді?

13:24, 25 маусым 2024 618

Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетіп беремін деп ақша сұраған астаналық әйел айлар бойы экс-ұлттық экономика министрінің өкілдерімен байланысуға тырысқан және оның ата-анасының мекенжайын жасырын түрде тапқан. Бұл туралы ZTB News тілшісіне сотталушының адвокаты Ерлан Ғазымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

"Бұл қыз бізге,Бишімбаевтың ата-анасына жиі хабарласты. Қанша бұғаттасақ та, табандылық тантып, өзінің артында үлкен дөкейлер тұрғанын да жасырмады. Бишімбаевтың ата-анасының мекен-жайын тауып, кездескен. Балаларының жазасын жеңілдетіп беремін деп 100 миллион теңге сұраған. Алайда, Бишімбаевтың ата-анасы бұл жағдайды бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жайып салған, деді Ғазымжанов.

Оның айтуынша, "бопсалаушының" ұсталуына Бишімбаевтың ата-анасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өкілдерінің бірлескен жұмысы себеп болды. Қызды ақша беру кезінде ұстаған.

"Оны ұстады, қазір қамауда. Қызды ақша беру кезінде ұстады, ақша жалған. Бишімбаевтың ата-анасында 100 миллион теңге жоқ", - деп қосты ол.

"Сонымен қатар, күдіктінің әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге итермелеу ретінде де бағалануда. Оның қылмыстық әрекеттерінің басқа эпизодтары тексерілуде. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - деп хабарлады антикор.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар