1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен өзге де бағалы сыйлықтар беруге рұқсат етілмейді, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.
«1 қыркүйек - білімге құрметтің, балаға қамқорлықтың және мектеп пен отбасы бірлігінің мерекесі ретінде аталып өтуі тиіс. Яғни ата-аналарға негізсіз, қаржылық жүктеме түсіретін әрекеттерге, қымбат гүл шоқтары мен басқа да сыйлықтар беруге жол берілмейді», – деді Шынар Ақпарова.