Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Зымыранды емес, төртінші жылға созылған соғысты тоқтатуды ойлануы керек”: Трамп Путинді сынға алды

19:36, 27 қазан 2025 399

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путин жайлы мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Олар біздің ең қуатты ядролық сүңгуір қайығымыздың өз жағалауларына жақын жүргенін біледі. Сол себепті бізге 8 мың мильге ұшатын зымыранның қажеті жоқ. Біз бір-бірімізбен ойын ойнап жатқан жоқпыз. АҚШ та зымыран сынақтарын өткізеді. Бірақ мен айтқандай, бізде сүңгуір қайықтар бар. Сондықтан алысқа ататын қарудың қажеті шамалы. Ал Путинге келсек, мен оның мұндай мәлімдемесін орынсыз деп санаймын. Ол бір аптада аяқталуы тиіс соғысты тоқтатуға назар аударуы керек еді. Ал қазір ол төртінші жылға созылып барады. Оған зымыран емес, соғысты тоқтату жайлы ойланғаны дұрыс", – деді АҚШ президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар