Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зорлық-зомбылыққа үнсіз төзген" - Абай облысында әйел күйеуінің қолынан қаза тапты

20:00, 07 қыркүйек 2026

Абай облысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан әйел қаза тапты. Полицияның мәліметінше, күдікті бұған дейін де әйелін ұрып-соғып, оған қысым көрсетіп келген, деп жазады Alash.KZ.

Оқиғаға қатысты мәліметті Абай облысының Полиция департаменті жариялады.

Ведомствоның хабарлауынша, ер адам ішімдікке әуес болған. Ол әйелін негізсіз қызғанып, жиі жанжал шығарып, күш көрсеткен.

Алайда әйел ұзақ уақыт бойы күйеуінің әрекеті туралы ешкімге хабарламаған. Полиция мәліметінше, ол қоғамның сөгісінен қорқып, отбасындағы мәселелерді сыртқа шығаруды ұят санаған. Соның салдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа үнсіз төзіп келген.

Кезекті жанжал кезінде жағдай қайғылы аяқталған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері пышақ жарақатын алған әйелдің денесін тапқан.

«Әйел болып жатқан жағдай туралы ешкімге хабарламаған, қоғамның айыптауынан қорқып, отбасындағы мәселелерді ұят санап, зорлық-зомбылыққа үнсіз төзген. Кезекті жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды», – делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция отбасындағы зорлық-зомбылыққа үнсіз қалмаудың маңызын еске салды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қауіп төнген жағдайда полицияға жүгіну немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған көмек қызметтеріне хабарласу қажет.

Құзырлы орган істің тергеу барысы мен күдіктіге қатысты қандай да бір бұлтартпас процессуалдық шешім қабылданғаны туралы қосымша ақпарат береді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар