20 күн бұрын жоғалып кеткен 20 жастағы жас жігіт өлі табылды. Шымкент полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Alash.kz.
Қылмыстық іс қозғалғаны туралы баяндалды.
"Көзбен шолып шыққанда зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталған жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.