Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева әнші Ұланғасыр Қамиға қарсы арыз жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Арыз жазған Қостанай Тұрғыны КазТаг редакциясымен хабарласып, мән-жайды түсіндірген.
«Біздің "дәстүрлі" депутаттарымыз неге екенін білмеймін, бірақ осы дауды қозғап, ешкім арыз жазбады. Есесіне бұны мен істедім! Бүгін e-өтініш арқылы ІІМ-ге әншінің әйелдерге қатысты араздықты қоздыру, әйелдерге жеккөрушілік тудыру және әйелдерді/қыздарды зорлықпен өлтіру мен ауыр жарақаттауды ақтау туралы сөздерін тексеруді сұрап арыз жаздым. Арыз тіркелді, көрейік, іс қозғай ма, әлде әдеттегідей жауап ме», - деп жазды Сисембаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әйел КазТАГ редакциясымен полицияға берген арызының мәтінімен және ІІМ-нің e-Otinish-тен өтінімді қабылдағанын растайтын тіркеу ақпаратымен бөлісті.
«Сіздерден жақында әлеуметтік желілерде бейнеүндеу түрінде кең таралған қазақстандық әнші Ұланғасыр Қами азаматтың мәлімдемесін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес, әйелдерге қатысты жеккөрушілікті және әлеуметтік араздықты қоздыру туралы қарауды сұраймын. Өзінің бұл бейнеүндеуінде Ұланғасыр Қами азамат Конституциямызға қайшы келетін өте радикалды мәлімдемелер жасады! Мысалы, оның айтуынша, цитата: "Күйеулері әйелдерін өлтіреді, өйткені олар хиджаб кимейді"! Менің ойымша,әнші аяусыз өлтіру мен ұруды ақтайды!», - деп жазды арыз авторы.
«Бүкіл ел бойынша танымал тұлғаның мұндай мәлімдемесі әсіресе біздің елде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде, кейбір ер адамдардың әйелдерге, қыздарға агрессивті зорлық-зомбылық пен жеккөрушілікті күшейтуі мүмкін!», - деп жазды Сисембаева.