Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зорлаған, ВИЧ жұқтырған". Алматыда әкесінің досы зорлады деп хабарланған 13 жасар қызға қатысты тың ақпарат шықты

20:48, 26 ақпан 2026

Алматы қаласында ВИЧ-инфекциясын жұқтырған ер адамның досының 13 жастағы қызына қатысты зорлық әрекетін жасағаны туралы ақпарат қоғамда резонанс тудырды. Бұл іс адвокат Ләззат Рақышева жариялаған жазбадан кейін кеңінен талқыланып, құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімет бере бастады, деп жазды Аlash.kz.

Бүгін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева аталған деректі растап, тергеу амалдарының аяқталғанын мәлімдеді.

«2025 жылдың желтоқсанында қылмыстық іс сотқа жолданды. Алғашқыда қозғалған бап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін. Алайда істі қараған судья бапты өзгерткен. Осыған байланысты прокуратураға хат жолданды. Мен Ішкі істер министрлігімен және адвокат Ләззат Рақышевамен байланыстамын», – деп жазды ол.

Уәкілдің айтуынша, жәбірленуші қыз қазір балаларды қорғау орталығында тұрып жатыр. Анасы шақыртылып, кездесу ұйымдастырылған.

Белгілі болғандай, қыздың ата-анасы ажырасқан. Анасы Жаңа жылдық кештен кейін алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеп жатыр

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар