Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Зиратын тазалап, төңірегін жинап жүр". Әйел адам өзіне "қайтыс болмай жатып" қабір қаздыртып, құлыптас орнатып қойған

11:53, 28 ақпан 2026

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында тосын жағдай тіркелді. 24.kg сайты хабарлағандай, әйел адам тірі кезінде өзіне зираттан орын алып, ескерткіш орнатып қойған, деп хабарлайды  Alash.kz.

Мәселе Бішкек қалалық кеңесінің депутаты Жаныбек Асанбеков Оңтүстік-батыс зиратын тексеру барысында анықталған. Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тарады.

Тексеру кезінде әйелдің өзі орнатқан құлпытас табылған. Ескерткіште оның фотосы мен туған күні жазылған.

Бішкек жерлеу қызметтері агенттігі өкілінің мәліметінше, әйелдің денсаулығы жақсы, ол зиратын үнемі күтіп, тазалап отырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар