Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жергілікті жерлердегі лауазымды тұлғалардың «қолдары таза емес» – Ерлан Қошанов

06:10, 02 ақпан 2022 358
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ауыл шаруашылығы министрлігіндегі жемқорлық мәселесін сынға алды.

«Кеше Президентпен өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрлігіне сын айтылды. Бұл қанша жылдан бері жалғасып келе жатқан жемқорлық. Бірінші кезекте субсидияға байланысты. Бұлай болу себебі, жергілікті жерлердегі лауазымды тұлғалардың «қолдары таза емес». Екіншіден, біздің заңдардың жемқорлыққа тосқауыл қоя алмағандығынан. Бүгін осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдана ма деп түсіп едім. Өкінішке орай болмады, - деді Мәжіліс төрағасы.

Өз сөзінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының екінші оқылымда министрлікпен бірлесіп, сол жағдайларды қайтадан қайталамау үшін заң тұрғысынан қандай тосқауыл қою керек екенін қарастыруды ұсынды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар