Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жер мен оның қойнауы халыққа тиесілі": Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын айтты

07:02, 23 мамыр 2022 226

Олжас Сүлейменов Алматы қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, жаңа партия құратынын мәлімдеді. Партия "Қазақстан халық конгресі" деп аталады.


Олжас Сүлейменов баспасөз өкілдерімен кездесу барысында жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін айтты. Сонымен қатар әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажет.

"30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады", – дейді Олжас Сүлейменов.

Сондай-ақ ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын айтады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар