Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сейсмикалық дабыл: Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді

19:22, 27 маусым 2026

Астана уақытымен 27 маусым күні сағат 18:34-те ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығының» мамандары жерасты дүмпулерін тіркеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, сейсмикалық белсенділік бір мезетте бірнеше аймақта байқалған. Атап айтқанда, Шымкент қаласында, сондай-ақ Түркістан облысының Мырзакент, Жетісай, Абай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Арыс, Темірлановка, Шәуілдір, Шаян және Т. Рысқұлов атындағы ауыл сияқты елді мекендерінде жерасты дүмпуінің күші 2 балл деңгейінде сезілді.

Дәл осындай екі баллдық сейсмикалық әсер Жамбыл облысының да бірқатар аумағында байқалды. Қолайсыздық орнаған өңірлер қатарында Тараз пен Қаратау қалалары, сонымен бірге Бауыржан Момышұлы, Сарыкемер, Аса, Құлан және Меркі ауылдары бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар