Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жүкті болып тұрмысқа шыққан” дегендерге айтарым....". Әнші Жігер Ауыпбаевтың жары мәлімдеме жасап, "ешкімге ақталмаймын" деді

15:46, 28 маусым 2026

Жақында ұзатылып, әнші Жігер Ауыпбаевқа тұрмысқа шыққан өзінен 15 жас кіші жары Мумина әлеуметтік желіде тараған қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп жазды  Alash.kz.

Ол өзін «жүкті болып тұрмысқа шықты» деген айыптауларға жауап беріп, мұндай сөздердің шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! “Жүкті болып тұрмысқа шыққан” деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хейтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қардай күнәға толтырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысым шексіз», – деп жазды Мумина.

Осылайша, әншінің жары әлеуметтік желіде тараған алыпқашпа әңгімелерді жоққа шығарып, өзіне қолдау білдірген оқырмандарына ризашылығын жеткізді.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар