Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы топтық кезеңнің соңғы матчында жеңіліске ұшырап, турнирді ұпайсыз аяқтады, деп хабарлайды Alash.kz.
Кездесу сәтті басталып, өзбекстандық футболшылар 10-минутта есеп ашқанымен, басымдықты матч соңына дейін сақтап қала алмады.
Осылайша, бұл Өзбекстан құрамасының турнирдегі үшінші жеңілісі болды. Ел тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысқан команда топтық кезеңде үш матчтың барлығында жеңіліп, 2 гол соғып, өз қақпасына 11 гол жіберіп алды.