Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1430 адамға жетті

18:00, 28 маусым 2026

Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 1430 адамға жетті, деп жазды Alash.kz.

БҰҰ-ның бағалауынша, кемінде 50 мың адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Ал AP агенттігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 68,9 мың адам жоғалғандар тізімінде тіркелген.

Үйінді астында қалған адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жұмыстарға Мексика, Испания, АҚШ және Ұлыбританиядан келген құтқарушылар да тартылған.

Құтқару операциялары тәулік бойы жүргізіліп, жоғалғандарды іздеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар