Израиль үкіметі Осман империясы кезеңінде армян халқына қарсы жасалған геноцидті ресми түрде мойындау туралы шешімді бірауыздан қабылдады, деп хабарлады Alash.kz.
Израиль Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қабылданған қарарда Осман билігінің әрекеттері салдарынан шамамен 1,5 миллион армян қаза тауып, Анадолы өңіріндегі мыңжылдық мәдени және тарихи мұраның жойылғаны атап көрсетілген.
Елдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Израильдің тарихи шындықты мойындаған 32 елдің қатарына қосылғанын айтып, «дұрыс қадам жасауға ешқашан кеш емес» екенін мәлімдеді.
Осы уақытқа дейін Израиль Түркиямен қарым-қатынасқа нұқсан келтіруі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы армяндардың жаппай қырылуын геноцид ретінде мойындаудан тартынып келген. Алайда соңғы жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауынан кейін бұл ұстаным өзгерді.