Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Путинді қолдау – ең қарапайым талап». «Единая Россия» сайлауалды үгіт плакатын таныстырды

21:00, 28 маусым 2026

Ресейдің «Единая Россия» партиясы алдағы сайлау науқанына арналған үгіт плакатын көпшілікке таныстырды, деп жазды Alash.kz.

Плакат Мәскеудегі «Мегаспорт» спорт сарайында өткен партияның съезі қарсаңында ұсынылды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл материал қазірдің өзінде өңірлердегі сайлауалды үгіт жұмыстарына қолданылып жатыр.

Плакатта «Путинді қолдау – ең төменгі талап» деген ұран жазылған.

Съезд барысында «Единая Россия» Мемлекеттік дума депутаттығына үміткерлер тізімін бекітеді деп күтілуде. РБК мәліметінше, партия тізімінің алғашқы бестігіне Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Мәскеу мэрі Сергей Собянин кіреді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар