Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«1 адам қайтыс болып, 14 адам ауруханаға түскен»: Дайын тағамнан уланғандар туралы тың ақпарат шықты

21:22, 27 маусым 2026

Ресейдің Астрахань қаласындағы танымал «Михайловский» гастрономынан дайын тағам сатып алып жеген 15 адам жаппай уланып, ауруханаға түсті, олардың бірі сальмонеллез дертінен қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жергілікті денсаулық сақтау орындарының ақпараты бойынша, жедел тамақтан улану белгілерімен медициналық мекемеге жүгінгендердің арасында кәмелетке толмаған балалармен қатар, Астрахан облысының бұрынғы Денсаулық сақтау министрі де бар. Дәрігерлер ауруханада көз жұмған бір науқастың ағзасынан қауіпті сальмонеллез инфекциясын анықтаған. Қазіргі таңда Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Астрахан облысы бойынша басқармасы тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету дерегі бойынша ресми тексеру амалдарын бастап, қажетті материалдарды жинауға кірісті.

Бұл сауда нүктесінің Қазақстанмен де тікелей байланысы бар. «Михайловский» гастрономы өзінің ерекше дәмді нан-тоқаш өнімдерімен аты шыққандықтан, көршілес Атырау қаласының тұрғындары Астраханға барған сапарларында осы дүкеннің фирмалық бәліштерін арнайы сатып алып, елдегі жақындарына базарлық ретінде жиі тасымалдайды.

Қоғамда үлкен шу тудырған осы жағдайға байланысты «Михайловский» гастрономының иесі Михаил Дербасов журналистерге берген сұхбатында бұл оқиғаны жақында ғана өткен сот процестерімен байланыстырып, өз нұсқасын алға тартты:

«Біз жақында әкімшілікпен болған сотта жеңіске жеттік — олар біздің ғимаратты бұзбақшы болған еді. Біз сотта жеңіп шықтық, содан кейін мынадай түсініксіз жағдайлар басталды. Қазір менің қызметкерлерімізді Тергеу комитетіне жауап алуға алып бара жатыр — мән-жайды анықтайтын боламыз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар