Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жанарында үміт бар еді… Соңына дейін күресті»: Ербаянның дәрігері әсерлі жазба жариялады

18:55, 27 маусым 2026

Әскерде отан алдындағы борышын өтеп жүріп ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы емделгеннен кейін қайтыс болған 24 жастағы Ербаян Мұхтардың реабилитолог-дәрігері әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ербаянның ем-домымен айналысқан маман Ұлпан Советбекқызы науқасының өмірге деген құштарлығы мен қайсарлығын ерекше атап өтті. Ол өз жазбасында былай деді:

«Ербаянның жанарында үміт бар еді. Сауығып кетуге, болашаққа, өмірге деген үміт. Болған жағдайдың қайғысы мен әділетсіздігін сөзбен жеткізу өте қиын. Мен оның ғана емес, жақындарының да жан азабын көрдім. Әрбір кішкентай жетістік бізге қуаныш сыйлайтын. Біз жоспар құрдық, сендік, үміттендік. Бірақ тағдыр басқаша шешті... Ербаян, сен өте қайсар, батыл, meйірімді әрі жарық жан едің. Соңына дейін күрестің және нағыз рух күшінің қандай болатынын көрсеттің. Мен үшін сен жай ғана пациент емес едің. Күн сайынғы еңбегіміз сенің бір күні қайтадан аяққа тұрып кететініне деген ортақ үмітпен өтетін. Өкінішке қарай, бұл арман орындалмады... Бүгін жүрегімде үлкен бос кеңістік қалды. Сенің енді арамызда жоқ екеніңді қабылдау өте ауыр. Бірақ қазір сен ауырсыну мен азаптан ада жерде тыныштық таптың деп сенгім келеді... Құшақтадым сені».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар