Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне Президент атынан 66 пәтер табысталды

16:13, 28 маусым 2026

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистерге мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіліп, бірқатар сала өкілдері марапатталды. Бұл туралы кәсіби мерекеге арналған құттықтауында айтылды, деп жазды Alash.kz.

Биыл журналистика саласының ардагерлері мен тәжірибелі мамандары жоғары мемлекеттік наградаларға, беделді сыйлықтар мен гранттарға ие болды. Сондай-ақ дәстүр бойынша бірқатар БАҚ қызметкеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан баспана берілді.

Президент Ақордада өткен салтанатты жиында биыл алғаш рет өңірлік журналистерге де пәтер кілті табысталатынын мәлімдеген болатын.

Осы тапсырмаға сәйкес, «Dara» Президенттік бастамалар қоры арқылы еліміз бойынша БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер берілді. Оның ішінде Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, ал қалған 18 өңірдің әрқайсысына екі пәтерден бөлінді.

Баспана иелері қатарында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерімен бірге жергілікті газет, телеарна және ақпараттық портал журналистері де бар. Сонымен қатар шалғай өңірлердегі БАҚ өкілдері де назардан тыс қалмаған. Атап айтқанда, Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Түркістан облысының Созақ ауданында еңбек етіп жүрген журналистер де баспаналы болды.

Мұндай қолдау өңірлердегі білікті журналистердің тұрақтап жұмыс істеуіне және аймақтық БАҚ-тың дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар