Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аптап ыстық салдары: Қазақстанда бір күнде 13 орман өрті тіркелді

09:34, 28 маусым 2026

2026 жылғы 26 маусымда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, деп жазды Alash.kz.

Комитеттің мәліметінше, өрт ошақтары мына өңірлерде анықталған:

  • Ақмола облысында – 1;

  • Шығыс Қазақстан облысында – 1;

  • «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында – 9;

  • «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында – 2.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық өрт орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде анықталып, оқшауланған. Соның нәтижесінде тілсіз жаудың кең аумаққа таралуына жол берілмеген.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін «Семей орманы» мен «Ертіс орманы» резерваттары аумағында найзағайлы ауа райы байқалған. Бұл жаңа өрт ошақтарының пайда болу қаупін күшейткен.

Осыған байланысты орман шаруашылығы қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Өрт қаупі жоғары кезеңде құзырлы органдар тұрғындарды орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, от жағудан және өрттің шығуына себеп болуы мүмкін кез келген әрекеттен бас тартуға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар