Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа министр ұлттық экономиканы қалай реформаламақ?

09:30, 07 ақпан 2024 319
Кеше ғана Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған Нұрлан Байбазаров Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін журналистерге сұхбат берді.

Жаңа министр БАҚ өкілдеоріне ұлттық экономиканы қалай реформалайтынын айтты.
«Мемлекет басшысы «жаңа экономикалық саясат» бағдарының негізінде жаңа бағыттарды белгіледі. Оның бәрі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары. Соған байланысты екі негізгі бағытты айтуға болады – экономикадағы құрылымды өзгерістер және экономика салаларындағы реформалар. Оның бәрі инвестицияларды тарту, салық және бюджет жүйесіне әсер етеді», – деді Нұрлан Байбазаров.

Оның сөзінше, алдағы уақытта өзіне дейінгі министрлердің бастаған жұмыстарын дұрыстап аяқтап, жаңа экономикалық өсімге жағдай жасау қажет.

Фото: primeminister.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар